Балалардың жан-жақты дамуына бағытталған заманауи мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымы
Балалардың жан-жақты дамуына бағытталған заманауи мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымы
Біздің басты мақсатымыз – әрбір балаға қауіпсіз, жайлы және дамытушы орта қалыптастыру. Біз балалардың денсаулығын сақтауға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және мектепке сапалы даярлауға ерекше көңіл бөлеміз.
Балалардың қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыз. Балабақша бейнебақылау жүйесімен жабдықталған, аумағы қорғалған және санитарлық талаптарға толық сәйкес келеді.
Балалардың танымдық, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға арналған заманауи әдістемелер мен ойын технологиялары қолданылады.
Әр баланың қызығушылығы мен даму қарқыны ескеріліп, жайлы бейімделуіне және жан-жақты дамуына қолдау көрсетіледі.
Жаңа оқу жылы басталды!
«Жастерек» бөбекжайы жаңа оқу жылын қуанышпен қарсы алды. Барлық тәрбиеленушілерге қызықты оқу, жаңа достар және жарқын жетістіктер тілейміз!
«Жастерек» бөбекжайының ұжымы 2025–2026 оқу жылы аясында облыстық жекеменшік балабақшалар арасындағы спорттық шараға белсенді қатысып, ұйымшылдық пен командалық рухтың жарқын үлгісін көрсетті. Барлық қатысушыларға салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз!